The Message of Imam Khamenei to the Youth in Europe and North America, in Kazakh

 

Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын!

Еуропа мен Солтүстік Американың барлық жастарына!

Францияда таяуда орын алған оқиға мен кейбір Батыс елдеріндегі соған ұқсас оқиғалар мені солар туралы сіздермен тікелей сөйлесуге итермеледі. Мен сіздер, жастарды өзімнің сұхбаттасыма айналдыруымның себебі сіздердің әке-шешелеріңізді елемеуімде емес, халықтарыңыз бен жерлеріңіздің болашағын сіздердің қолдарыңызда деп санап, ақиқат іздеу сезімін сіздердің жүректеріңізден жандырақ және қырағырақ деп көргендігіме байланысты. Сонымен қатар осы жолдауды сіздердің саяси қайраткерлеріңіз бен ел басшыларына арнамаймын. Себебі олар саясаттың жолын адалдық пен дұрыс бағыттан хабардар түрде бөлген деп санаймын. Мені мен сіздердің әңгімеміз ислам туралы, атап айтқанда, ислам діні туралы сіздерге ұсынатын бейне жайлы болмақ. Жиырма жылдан бері, яғни шамамен Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін осы үлкен діннің қорқынышты дұшпан деңгейінде көрсетілуі үшін көп талпыныстар жасалды. Өкінішке орай, қорқыныш сезімін тудыру, жеккөрініш және соны пайдалану Батыстың саяси тарихында ұзақ тарихқа ие. Мен бұл жерде осы уақытқа дейін Батыс халықтарын сендірген әртүрлі "қорқыныштар" туралы сөз қозғамаймын.  Сіздер өздеріңіз тарихтың төңірегіндегі соңғы сын-пікірлерге қысқа шолу жасау арқылы жаңа тарихнамаларда Батыс үкіметтерінің әлемнің басқа халықтары және мәдениеттеріне жасаған әділетсіз және қитұрқы әрекеттерінің айыпталғанын көресіздер. Еуропа мен Американың тарихы құл иеленушілік құбылысынан "абыройы төгілсе", отаршылдық дәуірінен "тауы шағылған", ал басқа нәсілділер мен мәсихи еместерге жасаған зұлымдықтан "ұятқа қалған". Сіздердің зерттеушілеріңіз бен тарихшыларыңыз дін атымен католиктер мен протестанттар арасындағы немесе ұлт және ұлыс атымен жасалған Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарда болған қантөгістерден қатты ұялады. Бұл өз-өзінен мақтауға тұрарлық. Менің мақсатым да осы үлкен тізімнің бір бөлімін қайта баяндап, тарихты айыптау емес, керісінше сіздерден өздеріңіздің зиялыларыңыздан неліктен Батыстағы қоғамдық ар-ұждан үнемі бірнеше он жылға, кейде  бірнеше ғасырға  кешігіп оянып, хабардар болады деп сұрауларыңызды өтінемін. Қоғамдық ар-ұжданды қайта қарау неліктен бүгінгі күннің мәселелерімен емес бұрынғы мәселелермен байланыстырылады? Неліктен исламдық мәдениет пен идеяға қатысты қатынас тәсілі сияқты маңызды тақырып бойынша қоғамдық біліктіліктің қалыптасуына тосқауыл қойылады? Сіздер кемсіту және өзгеге қатысты жиіркеніш пен қияли қорқыныш тудырудың барлық әділетсіз пайдакүнемдіктердің ортақ негізі болғанын жақсы білесіздер.

Қазір мен өздеріңізден неліктен қорқыныш пен жеккөрініш тудыру деген ескі саясаттың бұл жолы бұрын-соңды болмаған қатаң түрде ислам мен мұсылмандарды нысанаға алғанын сұрауды өтінемін. Неліктен әлемдегі биліктің құрылымы бүгін ислам ойының шетқақпай күйде, сылбыр қалып танытуын қалайды? Исламның қандай мағыналары мен құндылықтары үлкен мемлекеттердің бағдарламаларына кедергі болып отыр? Исламнан бұрыс бейне кескіндеудің көлеңкесінде қандай мүдде қамтамасыз етілуде? Менің бірінші өтінішім, исламға қарсы кең түрдегі күйежағушылықтың түрткілері туралы сұрап, зерттеңіздер. Екінші өтінішім, алдын ала төрелік етіп, теріс жарнамалар легіне реакция танытқанда дінді тікелей делдалсыз тануға тырысыңыздар. Түзу қисын тым болмағанда сіздерді содан қашыртатын, қорқытатын нәрсенің не екенін, қандай болмысқа ие екендігін білуді талап етеді. Мен ислам туралы менің тұжырымым немесе басқа бір пайымдауды қабылдаңыздар деп қуаттамаймын. Бірақ мен бүгінгі дүниедегі серпінді және әсерлі шындықтардың ластанған ниет-мақсаттармен өздеріңізге таныстырылуына рұқсат бермеңіздер деймін. Жалдамалы лаңкестердің өздерін сіздерге екіжүзділікпен исламның өкілдері ретінде таныстыруына рұқсат бермеңіздер. Исламды түпнұсқа деректер арқылы танып, біліңіздер. Исламмен Құран және оның пайғамбарларының (с.ғ.с.) өмірлері арқылы танысыңыздар.

Мен осы ретте "Осы уақытқа дейін мұсылмандардың Құран кітабына жүгініп көрдіңіздер ме? Ислам пайғамбарының тағылымдары мен ол хазіреттің адами және ахлақи тәлім-тәрбиесін зерттеп, қарастыра алдыңыздар ма? Осы уақытқа дейін ақпарат құралдарынан өзге исламның жолдауын басқа дереккөздерінен таба алдыңыздар ма? Өздеріңізден бір рет болса да осы ислам сан ғасырлар легінде қалай және қандай құндылықтар негізінде әлемнің ең үлкен ғылыми-интеллектуалды өркениетін тәрбиелеп, ең ұлы данышпандар мен ойшылдарды қалыптастырды деп сұрай алдыңыздар ма?" деп сұрағым келеді.

Әлсіз және бейшара бейне қалыптастыру арқылы сіздер мен шындықтың арасына көңіл-күй мен сезімнің бөгетін тұрғызып, бейтараптық төрелік ету мүмкіндігінен өздеріңізді кенде етуге рұқсат бермеулеріңізді сұраймын. Осы сауалдардың жауаптарын табу үшін талпыныс жасау жаңа ақиқаттарды ашуда сіздердің алдарыңыздан ыңғайлы мүмкіндік тудырады. Сол себепті исламды дұрыс түсіну үшін бұл мүмкіндікті жоғалтып алмаңыздар. Бәлкім, ақиқатқа қатысты сіздердің жауапкершілікті қабылдауларыңыздың арқасында болашақ ұрпақ тарихтың осы бір кезеңіндегі Батыстың исламмен жасаған әрекет-қатынасын азырақ қиналыс, тыныш ұжданмен жазатын болар".

 

Сейед Али Хаменеи

2015 жыл, 21-қаңтар

فیس بوک Facebook فارسی English
All Rights Reserved by Al-Mustafa International University © Copyright 2014